Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шара өтті

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шара өтті«Тарихы терең, келешегі кемел – Қазақ елі!» дәл осындай шара Қармақшы елінде де тойлануда. Аудан басшысы Сұлтан Мақашов жергілікті жұртшылыққа құттықтау лебізін білдірді.
Ең алдымен Қармақшы ауданы Жосалы кентінің орталық алаңында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы жарыстан бастау алды. Жас палуандар көк кілемге шығып өз өнерлерін ортаға салды. Одан әрі мерекелік шара 200-ден астам жастардың  флеш-мобына ұласты. Қазақы нақышта орындалған әрбір әнге жастар керемет белсенділік танытты. 
Мерекелік салтанатқа арнайы дайындалған Керей мен Жәнібектің бейнесі, билер, батыр бейнесіндегі жігіттер, сал-серілер, жыраулар, әуез мектебінің ұлт аспаптар оркестрі театрландырылған қойылым көрсетті.
Мәдени шара әрі қарай арнайы дайындалған аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ күресінен 1998-2000 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық жарыс қорытындысы шығарылды.   Жарысқа барлығы 30 аса спортшы қатысты.  
     
  50 келі
 1. Ерасыл Зейноллаев
 2. Жаңабек Кеңесов
3. Азамат Таужанов
60 келі
 1. Талап Оспанов
 2. Д. Әлменбетов
3. Н. Ерлепес
60 келіден жоғары
1. Д. Әбдеков
2.  Ә. Әбдреев
3. Б. Есенов

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: