Қостанайда жергілікті «Тобылмен» кездескен Қызылорданың «Қайсары» алаң иелерінің қақпасынан саңылау таба алмады. Өздері де гол жіберген жоқ. Осылайша ойынды 0:0 есебімен аяқтаған жерлестеріміз қоржындарына бір ұпайды салды.
Тобыл – Қайсар 0:0
Ескертулер: Шливич 55 - Розыбакиев 61
Тобыл: Петухов, Яворский, Садовничий, Кургулин (Аслан 46), Недашковский, Шливич, Юрин, Шимкович, Жұмасқалиев (к), Елмырзаев (Красич 60), Зенькович (Калу 73)
Резерв: Бусурманов, Дели, Матулевичус, Бугаев
Қайсар: Прядкин (к), Ирисметов, Алтаев, Балтаев, Кейлер, Митошевич, Калинин, Розыбакиев (Хунт 70), Матвеенко (Вороговский 67), Молдақараев (Шестаков 84), Струков
Резерв: Нурмухаметов, Алтынбеков, Кнежевич, Нәрзілдаев
Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Филоненко (Тараз), Павлов (Алматы)
18 қазан. Костанай. "Орталық" стадион. 1 000 көрермен
Сары қағаздарының тым көптігіне байланысты алаңға шыға алмаған Мартин Кляйнның орнына команданы капитан ретінде әдеттегідей Кирилл Шестаков немесе Сергей Струков емес, қақпашымыз Кирилл Прядкин бастап шықты. Айтпақшы, бұл бас бапкер Федор Щербаченконың осы ойынға енгізген жалғыз жаңалығы емес, шабуылшы Сергей Струков «Тобылға» қарсы кездесуді орталық қорғаушы ретінде өткізіп, көпшілікті тағы бір таңғалдырды. Иә, бұған дейін тек шабуылшы ғана емес, плеймейкер, орталық жартылай қорғаушы шебінде ойнаған Струков қорғанысты өз қолына алып, өзінің әмбебап ойыншы екенін кезекті рет дәлелдеді.
Ал енді қысқаша ойын туралы. Екі команда да негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, атойлап шабуылға шыққан жоқ. Сәті туғанда ғана шабуылда бақтарын сынап, тактикалық ойынға мән берді. Нәтижесінде екі команда да қорғаныста сауатты ойнап, ойынды 0:0 есебімен аяқтады.
Айтпақшы, «Тобыл» мен «Қайсар» ойнап жатқанда, Талдықорғанда «Жетісу» Қарағандының «Шахтерінен» жеңіліп қалды. Осылайша «кеншілер» 10-орынға көтерілсе, «жетісулықтар» 9-орынға сырғып, «Қайсар» соңғы орында қалды. Енді қызылордалықтар келесі кездесуін 24 қазан күні өз алаңында тікелей бәсекелестерінің бірі «Шахтермен» ойнайды. Көп мәселе сол кездесуде шешілетін тәрізді.