Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Милиан Яблан "Ақжайықта" ойнайды

Милиан Яблан "Ақжайықта" ойнайдыӨткен жылы "Қайсарда" қорғаушылық міндет атқарған серб футболшысы бірінші лигада ойын көрсететін Оралдың "Ақжайық" командасымен бір жылға келісім-шартқа отырды. 
Былтыр Яблан "Қайсарда" 18 ойында жасыл алаңға шықты. Дегенмен, жыл соңында қызылордалық клуб басшылығы онымен келісімді одан әрі созған жоқ. "Ақжайықтан" шақыру алған ол енді жыл бойына сол команданың намысын қорғайды. 
"Ақжайықта" "Қайсардың" бұрынғы бапкері Сергей Волгин бапкерлік қызмет атқарады. Сондай-ақ, бұрын қызылордалық ұжымның сапында болған Борут Семлер, Олег Хромцов, Магомед Узденов секілді футболшылар да қазіргі таңда сол клубтың намысын қорғап келеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: