Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 488 шақырым жол жөнделеді

Биыл облыста 488 шақырым жол жөнделеді. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 19 614,0 млн.теңге бөлінді. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді. 
- "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында - 5 434,2 млн.теңге қаралды. Қомақты қаржыға 136 шақырым жол жөнделіп, көпірлер салынып, қайта жаңғыртылады. 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге жалпы құны 46 млрд.теңге болатын 79 жоба енгізілді, - деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 69 пайызын жақсы және қанағаттанарлық  деңгейге жеткізу жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: