Facebook WhatsApp Instagram

0

ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

 

Нью-Йорктегі Колумбия университетінің ғылыми қызметкерлері «адамның ұзақ өмір сүруге ұмтылысы тұқымына немесе қоғамдағы ортасына байланысты емес» деген тоқтамға келді, деп жазады Аikyn.kz.
Адамның қанша жас жасайтыны өзінің ішкі түйсігіне байланысты көрінеді. Егер адам іштей ұзақ жасауға деген таза ниетпен, жақсы оймен жүрсе, ол сонша жыл еркін өмір сүре алады. Ал, кімде кім өлім туралы, ертеңгі күнге сенімсіздік төңірегінде жиі ойланып, қарттықтан қорқатын болса, ол адамның өмірі қысқа болады. 
Психологтардың деректеріне қарағанда, адамнің ішкі көңіл-күйі өзінің қанша жыл өмір сүретіндігіне ерекше ықпал етеді. Сондықтан алдағы күнге сеніммен қарап, жақсы күйде жүрудің маңызы зор.  Кез келген кісі өзінің дерті мен тұрмысының нашарлығын ойлап күйзелер болса, ондай адамдар тез қартаятыны анықталған. 
Бәрінен де қызығы сол, әлем мамандары қартаюды болдырмаудың барлық жолдарын қарастырып жатыр. Жаңа дәрі-дәрмектер де өмірге келуде. Әйтсе де нақты нәтиже жоқ. Адамдар баяғыша Алланың берген жасын жасап, қара жердің қойнына кетіп жатыр.
Дегенмен, дәрігерлер күнделікті сергек жүріп, уақтылы демалып, жақсы саяхаттарға шығу, таза ауада тынығу өмірді ұзартатындығын айтады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: