0
ӘЛЕМДЕГІ ҚҰЙРЫҒЫ ЕҢ ҰЗЫН ИТ ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ (ВИДЕО)
![ӘЛЕМДЕГІ ҚҰЙРЫҒЫ ЕҢ ҰЗЫН ИТ ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ (ВИДЕО) ӘЛЕМДЕГІ ҚҰЙРЫҒЫ ЕҢ ҰЗЫН ИТ ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ (ВИДЕО)]()
Бельгиялықтардың отбасы мүшесіне айналған бөрібасар ресми түрде құйрығы ең ұзын ит атанды. Бұл жөнінде reactor.inform.kz мәлім етті.
Кеон атты ит жаңа рекорд орнатты: оның құйрығының ұзындығы 76,8 см жетеді, бұл оның алдындағы рекордтан 4,5 см артық деген сөз.
Рекорд ресми түрде тіркелер алдында Кеонды ветеринар қарап шығып, оның құйрығының ұзындығын өлшеді.
Кеон — ирландық атау, «ержүрек жауынгер» деген мағынаны білдіреді, алайда ол өзінің иесі үшін әрдайым ақкөңіл алып ит болып қала береді.