Facebook WhatsApp Instagram

0

ЕРЛЕРГЕ КОСТЮМНІҢ СОҢҒЫ ТҮЙМЕСІН НЕЛІКТЕН ТАҒУҒА БОЛМАЙДЫ? (ФОТО)

ЕРЛЕРГЕ КОСТЮМНІҢ СОҢҒЫ ТҮЙМЕСІН НЕЛІКТЕН ТАҒУҒА БОЛМАЙДЫ? (ФОТО)

 

Пиджак киюдің ертеден келе жатқан үлгісі соңғы түймені түймелемеу екенін біреу білсе, біреу білмей жатады. Мұндай ереже кеудешелерге де қатысты деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл ерлер киімінің өзгермес стандарты. Ерлерге айналған костюмдер дизайнерлері көп жағдайда пиджактар мен кеудешелердің ең төменгі түймесін ағытып қойғанда сәнді көрінетіндей етіп жасайды.
Кейбіреулер түймені ілмесе, неліктен қадап қояды деуі мүмкін, бірақ бұл дәстүрдің пайда болғанына бірнеше ғасыр өтті.
Мұның тарихы Англия королінің тұсында пайда болған. Толықтықтан зардап шеккен король Эдуард VII ханзада болып тұрғанда, пиджактар сәнге айнала бастаған. Болашақ король үшін кеудеше тар болып, ол соңғы түймесін ашық қалдыруды әдетке айналдырыпты.
Өз корольдарына сыйластықтың белгісі ретінде Англияның барлық тұрғындары мен британиялық жатақтар соңғы түймені түймелеуді қойған.
Қазіргі таңда бұл ережені әлемнің танымал дизайнерлерінің көпшілігі қолдайды. Бұл норма АҚШ-та да қалыпты болып саналады.

ЕРЛЕРГЕ КОСТЮМНІҢ СОҢҒЫ ТҮЙМЕСІН НЕЛІКТЕН ТАҒУҒА БОЛМАЙДЫ? (ФОТО)

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: