Қазақстанның халық әртісі, қазақ халқының Примадоннасы Роза Рымбаева «қайын ене» атанатын сәтті асыға күтіп жүрген сыңайлы. Ол ұлына болашақ жар тауып беруді сахналас-әріптесі Нұрлан Абдуллинге тапсырған, деп жазады baistars.kz.
Әли Оқапов қазақстандық «Голос» байқауында тәлімгер ретінде бой көрсетіп жүр. Сонда төрешілерден Әли Оқапов пен Нұрлан Абдуллинді өзіне қаратқан Садия есімді ару ел назарын аудартты. Себебі анша-мұншаны жақтыра бермейтін Роза Рымбаеваның ұлы бойжеткенге ерекше ілтипат көрсеткен-ді. Оны төрешілердің бірі де байқады. Өз сөзінде төртінші тәлімгер Әлидің өзге қатысушыларға қаталдық танытанынын, алайда Садияға ерекше мейірлене түскенін айтып өтті. Әли жауаптан жалтарып, сөз кезегін Нұрлан Абдуллинге ұсынды. Ал Садия Әлидің тобына қосылуды армандағанын айтып қалды. Арманына қол жеткізді де.
Бойжеткен сахнадан таса болғаннан кейін Абдуллин мырза той ауылының алыс еместігін тілге тиек етті.
«Қайтадан бастадыңыздар ма? Мұнда мен ғана вокалист, ал қалғандарыңыз маған келіншек іздеп жүрген сияқтысыздар», – деп шағымданған Әлиге Нұрлан Абдуллин:
«Маған анаң саған келіншек тауып берсін деп тапсырған», – деп жауап берді. Видеоны соңына дейін тамашалыңыздар.