Facebook VK WhatsApp Instagram

0

БАЛАҒА ҚАНДАЙ АТ ҚОЙҒАН ДҰРЫС?

 

Сахаба Абдулла ибн Аббас бала туылғаннан кейінгі жетінші күні мына нәрселерді жүзеге асырудың сүннет екенін мәлімдеген: ат қою және сүндетке отырғызу; туылғанда нәрестенің денесіне жағылып қалған қан секілді лас нәрселерді сүртіп, тазалау; егер қыз болса, құлағын тесу; ақиқа құрбанын шалу; шашын алу; алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа беру.
Бала дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндерде күн тәртібінде ат қою мәселесі тұрады. Хадисте бұл жайлы «Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай болса балаға әдемі есім қойыңдар»[1], − делінген. Жақсы ат қою − әкенің бала алдындағы борыштарының біріне жатқызылған. Пайғамбарымыздың нәрестелерге туыла салысымен ат қойған кездері болған. Бірақ, көбіне бұған нәресте туылғаннан кейінгі жетінші күнді дұрыс көрген.
Ең абзал есімдердің санатында Абдулла (Алланың құлы) және Абдуррахман (Рахманның құлы) деген қос есімді жатқызған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұсылмандықты қабылдаған кей кісілердің нашар аттарын мәнді әрі жағымды есімдерге өзгерткен. Сондықтан мұсылман ғұламалары адамға қойылған аттың кейінгі өмірге әсері болатынына сенген. Халқымыз да осы себепті нәрестеге ат қойғанда «Атына заты сай болсын» деген тілектерін білдірген.

[1] Әбу Дәуд, Әдеп, 70.

Құдайберді Бағашар


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: