0
ТЕЛЕФОН ҚУАТЫН ҚАЛАЙ ҰЗАҒЫРАҚ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?
Кейде телефонымыздың қуатын «толтырып» алсақ та, аз ғана уақытта соң-ақ таусылып қалып жатады, деп жазады asylsoz.kz.
Оның себептері де әртүрлі. Ал мына кеңестер телефоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектеседі:
Телефоныңыздың «экономный режимін» қолданыңыз. Ол үшін ең алдымен телефон батырмаларын басқанда шығатын дыбысты өшіріп тастаңыз.
Вибрацияны өшіріп тастаңыз: қоңырау соғылғанда вибрациясыз жай ғана әуен қуатты ұзағырақ сақтауға көмектеседі.
Телефон жарығын бәсең қойыңыз және батырмаларды басқанда, флипті ашқанда жанатын жарықты өшіріп тастаңыз.
Жаңа немесе ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны 14 сағаттан кем қуаттамау қажет
Батареяның жақсы жұмыс жасауы температуға да байланысты. Сондықтан оны +60 градустан жоғары емес, -20 градустан төмен емес температурада сақтау керек.
Жаңа батареяның сыйымдылығын арттырып, жұмысқа дайындау керек: ол үшін оны сатып алғанда қолданбас бұрын 3 рет қуаттап, қайта «өлтіру» қажет.
Аккумулятордың ұзақ уақыт қолданылмай, тұрып қалуын болдырмау керек.
Сондай-ақ телефон тоқ көзінде 24 сағаттан артық қосылып тұрмауы қажет.