Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшыларының қатысуымен өрт бақылау саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша баспасөз-конференциясы өтті.
Жыл басынан бері облыс аумағында 162 өрт оқиғасы орын алған, материалдық шығын көлемі - 33 млн. 460 мың теңге.
«2017 жылдың өрт қаупі маусымында облыс аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ерікті өртке қарсы құрылымдардың қатысуымен 8 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығуға 65 техника, 330 қызметкер жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің алдын-алу мақсатында барлығы 1890 адамнан құралған 202 ерікті өрт жасақтары жұмыс жасайды. Олардың иелігінде 436 арнайы техника бар деді», - облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Р. Қайрақбаев.
Жыл басынан бері облыстағы су айдындарында 4 адам қаза болды, оның 1-і бала. Суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себеп тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы.
Б. Ембергенов, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің басшысы:
- Құтқарушылардың судағы қауіпсіздік ескертпелеріне қарамастан бүгін 24 мамыр сағат 12.50-де Қызылорда қаласының Мерей мөлтек ауданы маңында Сырдария өзенінде бір бала суға батып кеткені жөнінде хабарлама түсті. Қазіргі уақытта жасақтың 12 құтқарушысы №136 мектептің 8 сынып оқушысын іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл кезеңдегі қауіпсіздік шаралары бойынша қала, аудан әкімдеріне шұғыл тапсырмалар берілді. Халық арасында және облыстағы барлық студенттер мен оқушыларға кездесулер ұйымдастырылып, ескертпелер жасалып, үнпарақтар таратылған.