Facebook WhatsApp Instagram

0

МЕКТЕПТЕ ҰЛДАР ДА ЮБКА КИЮІ МҮМКІН

Гендерлік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Лондонның жекеменшік мектебінде ұл балаларға юбка киюге рұқсат берілмек, деп хабарлайды Baq.kz bbc-ге сілтеме жасап.
Мектеп әкімшілігі мұны ұлдар мен қыздардың құқықтарын теңестіруге бағытталған бастама деп отыр. Өйткені қыздардың шалбар кигені сияқты, ұлдар да юбка киюге құқылы көрінеді.
Жаңа форманы енгізгелі отырған Highgate мектебінде көптеген оқушы гендерлік сәйкестікке күмәнмен қарайды екен. Қыздардың мектеп формасына блузка, пиджак, галстук, юбка мен шалбар кіреді. Ал ұлдардың формасына тек қана шалбар кіретіні тең құқықтың бұзылуы деп есептейді оқушылар.
Мектеп формасынан бөлек бұл мектепте жалпыға арналған дәретхана жасалмақ. Сондай-ақ, қыздарға ұлдардың спорттық секцияларына қатысуға рұқсат бермек.
Мектеп директоры Адам Петиттің айтуынша, осындай форма мектеп оқушыларының сұрауы бойынша енгізілмекші.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: