ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАБАТЫНДАР САНЫ БОЙЫНША БІРІНШІ БОЛЫП ТҰР
Қазақстан өкінішке қарай ТМД мен Еуропа елдері арасында жол апаты бойынша тағы да бірінші орынға шықты, деп жазады Stan.kz.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын еліміздегі жол апатынан 100 тұрғынның 24,2 адамы көз жұмады.
Ресейде жол көлік оқиғасынан 100 тұрғынның 20,8-і көз жұмады. Алғашқы бестікке Қырғызстан (22), Албания (20,4), Тәжікстан (18,8) мен Түрікменстан (17,4) елі кірді. Рейтингке сәйкес ең қауіпсіз жолдар Мальта (2,6) мен Норвегияда (2,2), Швейцарияда (2,7).
Статистика нені білдіреді? Барлық жол жүйесі мен жүргізушілердің дайындығын, жол ережесі жөніндегі заңды қайта қарау керектігін, бақылау мен жауапкершілікті күшейті керегін аңғартады.