Елдің солтүстігі мен орталық өңірлерін қар басып қалған. Әсіресе, қыстың қытымыр мінезінен Шакра қаласы мен Табук қаласы зардап шеккен. Ал Табарджал қаласында ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендеген.
Иорданиямен шекаралас орналасқан Әл-Курят қаласындағы ауа-райы минус 1 градусты көрсетіп тұр. Сондай-ақ, королдіктің бірнеше ауданында жаңбыр жауады деп күтілуде. Негізі бұл елде жаңбыр қазан айының соңғы күндерінде-ақ тоқтап қалатын.
Корольдің тосын құбылыс әсерінен болған қиыншылықты жою үшін арнайы техникаларды іске қосты.