ӘКЕСІНЕ ТАЛАСҚАН МАЙҒАЗИЕВТЫҢ ҚЫЗДАРЫ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫН СҮЙСІНТТІ (ФОТО)
Қазақ сахнасындағы серілердің бірі Сәкен Майғазиев бүгінде үш баланың әкесі. Жары Динарамен 22 жасында отасқан әншінің тұңғышы Әділетті ел біледі. Ер жетіп, ата-анасының қолғабысына айналған ол бүгінде жоғары оқу орнын да тәмамдап үлгерді. Араға бірталай жыл салып, Алла әншіге қос бірдей бүлдіршінді – Раяна мен Мәриямді сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz.
Періштедей қос ару Майғазиевтер отбасының көз қуанышына айналды. Жұмыс кестесінің тығыз болғанына қарамастан, әнші өзінің әкелік міндетін толықтай атқарып жүрген ұқсайды. Оны Майғазиевтың жарияланымдарынан анық көруге болады.
Күні кеше әнші қос қызын құшағына алып түскен суретін жариялады. Онда Майғазиевтің қыздары әке құшағына таласуда.
«Әкеге талас. Жаратушы ием баршамызға ұрпақтарымыздың жақсылығын ғана көруді бұйыртқай. АЛЛА – ұлық!» – деп жазды Мағйғазиев желідегі парақшасында.
Мұны көрген желі қолданушылары еріксіз сүйсінді.
«Анаңыз бен балаларға ерекше мейіріммен қарайтыныңыз ұнайды», «Ең керемет сәт», «Біздің үйде де тура осы жағдай», «Қандай керемет, өте мейірімді және қамқор әкесіз», «Үлкен қызыңыз шарасыздың күйін кешіп тұр ғой», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.