Facebook WhatsApp Instagram

0

ҚҰРАЛАЙ НҰРҚАДІЛОВА ЖҰРТҚА АНАСЫН КӨРСЕТІП, ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

 

Белгілі сәнгер Құралай Нұрқаділова алғаш рет Қазақстан халқына анасын көрсетті. Сәнгер бұған дейін ол кісі  жайлы көп айтатын,-деп жазды Stan.kz.
Сәнгер  өз сөзінде  анасының яғни белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі суретке түскенді ұнатпайтынын айтып өткен.
«Анамды суретке түсіруге әрең көндірдім»,-деп жазған Құралай Нұрқаділова.

Ол қазақстандық телебағдарламалардың бірінде  «Менің анам өте тәрбиелі адам. Ешқашан аузына ішімдік алған емес. Тіпті  намазын қаза қылмауға тырысады. Әкем тастап кеткен кезде де қиындықты сабырмен қабылдады. Басынан жаулығын тастаған емес» деген еді.
Өз кезегінде Құралайдың анасын көрген желі қолданушылары анасы мен қызының бір-біріне қатты ұқсайтындарын айтып жатты. Әрі сәнгерді тәрбиелеп өсірген анаға денсаулық пен амандық тілеп жатты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: