Facebook WhatsApp Instagram

0

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Бастауыш ұйым – партия негізі» тақырыбында бастауыш партия ұйымдарына арналған семинар тренинг өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Аталмыш семинарға облыс бойынша 19 бастауыш ұйым төрағалары мен партия мүшелері қатысты. 
Шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып жүргізді. Ол өз сөзінде Елбасы, партия Төрағасының «Нұр Отан» партиясының алдына қойып отырған мақсат-міндеттерді атап өтіп, мұны жүзеге асыруда бастауыш ұйымдарының белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығы болуы тиістігін атап өтті. Сондай-ақ заман талабына сай жаңашыл, барынша қабілетті, көпшілік қолдайтындай, ел сеніміне лайық бола білуі міндет екендігін айтты. 
«Бастауыш партия ұйымдары қызметінің басты бағыттары» тақырыбында облыстық партия филиалының консультанты Гаухар Дәулетбаева хабарлама жасап, партияға қабылдау, азаматтардың партиядағы мүшелігін тоқтату, есептегі партия мүшелерін салыстырып-тексеру, сондай-ақ мүшелік жарнапұлдарды жинақтау мәселелерін түсіндірді. 
Жалпы семинар барысында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев партия Төрағасы бірінші орынбасарының   бұйрығына сәйкес, өткен 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап партия қатарына қабылданған мүшелердің жарнапұлдары бастауыш ұйымдары жұмысын жандандыру үшін аймақтық филиал иелігіне толығымен қалдырылғандығын атап өтіп, сол қаржы есебінен жұмысты жақсы үйлестіріп отырған 19 бастауыш партия ұйымдары төрағаларына арнайы техникалық құрал жабдықтар табыс етті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: