Facebook WhatsApp Instagram

0

ТҮРКИЯДА ЖЕР АСТЫНАН ҚАЛА ТАБЫЛДЫ (СУРЕТ, ВИДЕО)

 

Түркияның Каппадокия өңірінен ерекше көне қала табылды. Бұл жер бетіндегі адамзат баласы үшін тосын жаңалыққа айналды. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz мәлім етті. 
Ерте замандарда қаланы басқыншылардан қашқан жергілікті тұрғындар салған болуы әбден мүмкін. Ғалымдар бұл шаһардың ерекше жанартау жынысынан салынғанын тілге тиек етеді. Қала Византия дәуірінде салынғаны ғалымдарға белгілі болды. Оған 20 мың адамға дейін сыйған. Әйтсе де, қала әлі де зертеліп жатыр. 
Тарихшылар көне шаһардың 2013 жылдан бері зерттеліп жатқанын айтады. Сол уақытта құрылысшылар ескі ғимараттарды бұзып жатқан екен. Олар жер асты бөлмелеріне тап келген. Дереу жұмысын тоқтатқан. Ерекше құбылыс Осман империясына дейін бой көтерген деген болжам бар. 

 

 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: