"Асау жүрек”, "Горькая жизнь” сияқты телехикаялары арқылы қазақ көрермендеріне танылған түрік актері Кенан Имирзалыоғлы 41 жасында шаңырақ көтерді, деп жазады «Жұлдыздар әлемі».
Той Түркияның "Ortunç” атты қонақ үйінде өтті, тойға 300-ге жақын қонақтар келген. Қонақтардың қатарында Кенан Имирзалыоғлы екеуі бір телехикаяда ойнаған Джансу Дере, Сарп Аккая сынды актерлермен қатар Бурак Озчивит, Фахрие Эвджен секілді өнердегі танымал жұптар да тойдың арнайы қонақтары болды.
Кенан Имирзалыоғлының жары көпшілікке белгілі актриса Синем Кобал. Синем Кобал "Хюррем Сұлтан”, "Сырлы Стамбул” сияқты фильмдерде бой көтерген актриса. Синем Кобал Кенан Имирзалыоғлынан 13 жасқа кіші, дегенмен де махаббат жасқа қарамайды дейді, жас жұбайларға тек қана бақыт тілейміз!