Facebook WhatsApp Instagram

0

ЖАСЫ ЕЛУГЕ КЕЛГЕН МЕДЕУ АРЫНБАЕВ НЕГЕ ӘЛІ ҮЙЛЕНБЕЙ ЖҮРГЕНІН ТҮСІНДІРДІ

 

Алты жыл бұрын өзінің өмірлік жарынан айырылған Медеу Арынбаев биыл көктемде елуге толу мерейтойын атап өтпек. Алайда ел ағасы атанған Медеу екінші мәрте үйленуге асықпайды. Әнші неге әлі үйленбей жүргенін түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтып берді.
Әншінің айтуынша, оған ұнайтын қыз-келіншектер жоқ емес. Тек үйленуге келгенде сәті түспей жатады екен.
"Мен жұбайымнан айырылғаныма алты жылдан асты. Кездеспей жатқан шығар. Белгілі бір сценариймен үйленгім жоқ. Әйтпесе маған ұнайтын қыз келіншектер жоқ дейсіз бе?
Маған ұнайтын қыздардың кейбірінің басы бос болмай жатады. Кейбірі мен үшін жас көрінеді. Бұл өзінен өзі болу керек нәрсе", - деді ол неліктен үйленбей жүргенін түсіндірмек мақсатта.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: