10 ЖАСТАҒЫ ПАЛЕСТИНАЛЫҚ МЕССИДІҢ ФИНТІН ЖАСАП, ЗЛАТАН СЕКІЛДІ ГОЛ СОҒА АЛАДЫ
Жас футболшының есімі – Рашед Аль-Хаджави. Талантты футболшы «Алтын доптың» бес дүркін жеңімпазы Лионель Мессидің финтін жасай алады, деп жазады baq.kz. Сондай-ақ швециялық Златан Ибрагимович секілді гол соғуды үйреніп алған.
Аль-Хаджави Норвегияда палестиналық отбасыда туған. Жас ойыншының YouTube-те жарияланған видеосы Италия клубтарының скауттарының қызығушылығын оятқан. Жақында «Ювентус» клубы Рашед Аль-Хаджавимен келісімшарт жасасты.
Ол дүйсенбі күні Вионводағы «Ювентустің» жаттығу базасында алғашқы дайындығын жасады. Футболшы «Ювентус» U-10 командасында өнер көрсететін болады.