Facebook WhatsApp Instagram

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНАРМАЙДЫҢ БАҒАСЫ ҚАЙТА АРЗАНДАЙДЫ

 

Қызылордадағы барлық май құю бекеттерінде жанар-жағар майдың бағасы өсуіне Шымкенттегі мұнай өнімдерін өңдеу зауытының күрделі жөндеуден өтуі себеп болған. 

 

Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Мұстафаев мәлімдеді.
Оның айтуынша жүргізушілер арасында сұранысқа ие АИ-92, АИ-95 маркалы бензин және дизельдің бағасы айтарлықтай қымбаттаған. 
«Қазіргі таңда Шымкенттегі зауыттың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қараша айының 20-нан бастап жанар-жағар май таратуды бастайды. Осыған орай жанар-жағар майдың бағасы төмендейді деп күтілуде», - дейді Ғалымжан Мұстафаев. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: