Facebook WhatsApp Instagram

0

ДІЛНАЗ АХМАДИЕВА ӨЗІНІҢ ОТБАСЫЛЫ ЕРКЕКТІҢ КӨҢІЛДЕСІ ЕКЕНІН ЖАЙЫП САЛДЫ

ДІЛНАЗ АХМАДИЕВА ӨЗІНІҢ ОТБАСЫЛЫ ЕРКЕКТІҢ КӨҢІЛДЕСІ ЕКЕНІН ЖАЙЫП САЛДЫ

 

Ділназ Ахмадиева қазіргі сүйіктісінің отбасы бар екенін ашып айтты. Ол мұның уақытша сезім екенін де жасырмады. Бұл туралы 31 арнаның "Ұят емес” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.
Ділназ Ахмадиева отандық бағдарламалардың бірінде үйленген еркекпен жүріп жүргенін ашып айтты. Бұл азаматтың балалары көп болғандықтан, әнші оның заңды жұбайымен ажырасқанын қаламайды екен.
"Мұны жауапсыз махаббат деп айта алмаймын. Бірақ біз бірге бола алмаймыз. Сол себепті мұның аса маңызы жоқ. Басы бос еркекке тұрмысқа шыққым келеді. Өзіме тиесілі адаммен ғана отбасын құрғым келеді. Балаларымыз бен отбасылық демалыстардың болғанын қалаймын. Ал әзірге менің үйленген еркекке белгілі бір сезімім бар. Бұл сезім уақыт өте келе өтіп кетеді. Адамдар бір-біріне сай келмесе, махаббат сезімі ақырында өтіп кетеді”, – дейді ол.
– Ал егер ер азамат отбасынан ажырасып, саған ұсыныс жасаса ше?
– Отбасында балалары көп болғандықтан, оның ажырасқанын қаламаймын. Мұны жасаудың қажеті жоқ. Ол жақта балалар бар. Өзімнің басымнан өткендіктен, "арамызда артық ешнәрсе болмайды” деп бірден айттым. Алайда бірге отырып бір шыныаяқ кофе ішуімізге болады. Әдетте кофені өте сирек және таңертең ғана ішемін.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: