Коронавирус пандемиясы кезінде байыған ел белгілі болды
Сарапшылардың пікірінше, келесі тоқсанда ел тұрғындарының қаржылық жағдайы жаңа рекордты жаңартуы мүмкін, деп жазады Аikyn.kz.
Коронавирустық пандемия басталғаннан бері Дания халқы байи түсті. Осы жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге қарағанда, ел тұрғындарының жинақтары 5,66 трлн кронға (930 млрд доллар) жетті. Бұл туралы Данияның Орталық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Соңғы екі тоқсанда елдің қаржылық әл-ауқаты 709 млрд кронға өсті», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта даниялық отбасылардың жылдық орташа табысы шамамен екі млн кронды құрайды. Бұл шамамен 327 мың доллар. Сарапшылардың пікірінше, келесі тоқсанда ел тұрғындарының қаржылық жағдайы жаңа рекордты жаңартуы мүмкін.