Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Шашын бір ай жумаған қыз нәтижесін айтты

Журналист Шивон Оконнор (Siobhan O’Connor) тәжірибе жасап көру үшін шашын жумаған. Бұл туралы The Sun хабарлады. 
Дематолог Эмма Коулманның айтуынша (Emma Coleman) құрамында химия бар сусабындар шаштың астындағы теріден магний және мырышты жояды. Ал басты жумасаң, майланып, кір жиналады. Сөйтіп терідегі тесіктер жабылады және шаш өспей қалады.
"Дерматолог Эмма Коулман бірнеше күннен кейін шашым майланады, алайда бірнеше аптадан кейін бұл эффект жойылатынын ескерткен", - деп бөлісті журналист.
Оның айтуынша, талдаудың үшінші күнінде шашы майлана бастаған, ал бесінші күні ол шашын түйіп қойған. 
"Қатты қасыдым. Басымның терісі тазарып жатқандай және табиғи майдан жақсы қалыпқа түсіп жатқан сияқты болды. Ал жетінші күні тарасам, қайызғақ көбейді", - деді ол.
22 күн болғанда достары шашының әдемі көрініп тұрғанын айтқан. Ал соңғы күні басында қышыма пайда болған және маңдайы бөрткен. Ол шашын жуатынына қуанышты екенін жасармады.


Тengrinews.kz


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: