Түркияның Cumhuriyet газеті ыстық шай ішудің өмірге қауіпті салдарын тізіп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше жыл бойы 500 мың адамды бақылау 65 градустан жоғары температурада ыстық шайды үнемі тұтыну өңеш қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратынын көрсетті.
Гастроэнтерология саласындағы маман, профессор Ведат Герал бұл қатерлі ісік әлемдегі өлімнің алтыншы себебі (басқа мәліметтер бойынша - сегізінші) екенін айтты.
"Бұл ауыр ауру. Оның генетикалық негізі бар, бірақ триггер факторлары да болуы мүмкін. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, Түркияның шығысында, Қытайда, Қазақстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда шай мен ыстық сусындарды көп мөлшерде тұтыну салдарынан өңештің қатерлі ісігі жиі байқалады", - деді доктор.
Егер адам темекі шегіп, алкогольді ішсе аурудың даму қаупі артады.
"Егер темекі шегетін адам ыстық шайды көп мөлшерде ішсе, онда қатерлі ісік ауруының қаупі екі есе артады, ал егер ол алкогольді ішсе, онда бес есе артады", - деді Герал.
Профессор егер шай құйылған ыдыс қол тигізбейтіндей ыстық болса, оны ішпеуге кеңес берді. Ол жаңа қайнатылған сусынды ішпес бұрын үш-төрт минут күтуді ұсынды. Бұл жағдайда күніне үш-төрт кесе шай ішу керек, дейді маман.
Сондай-ақ, Герал өте ыстық суды суық сумен араластырып ішуден сақтандырды. Себебі өңеште қатерлі ісік ауруының дамуына ықпал ететін жаралар пайда болуы мүмкін.
Сарапшы бұл аурудың ең маңызды белгісі жұту қабілетінің бұзылуы екенін атап өтті. Бұл жағдайда патологияны уақытында анықтап, емдеу үшін дереу дәрігерге қаралып, эндоскопия және биопсия жасаған дұрыс.