Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Дәрігер коронавирус миға қалай әсер ететінін айтты

Коронавирус адам миына жағымсыз әсер етеді, деп мәлімдеді Ресей денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры Зураб Кекелидзе.Бұл жөнінде Sputnik.kz жазды. 


Дәрігердің айтуынша, науқас бастапқы уақытта инфекцияның ауыр салдарын байқамайды.
Коронавируспен ауырғандардың барлығына тән симптомдар қатарында сөздерді ұмытып қалып, ішінара есін жоғалту, сондай-ақ, ашушаңдық бар.
Психиатр қарқынды жаттығуды бастағаннан кейін ентігу пайда болған кейбір спортшыларды еске салды. Ауру жұқтырғанға дейін мұндай жағдай байқалмаған, деп жазды РИА Новости.
Кекелидзе коронавирус жұқтырған кезде жүйке тінін қанда айналып жүретін микроағзалар мен токсиндерден қорғайтын гематоэнцефалиялық тосқауыл бұзылатынын айтты.
Біраз бұрын мазасыздық та коронавирустың ең көп таралған салдары екені айтылды.
Жаппай мазасыздық сезімі – күнделікті өмірге қатысты тұрақты, шамадан тыс алаңдаушылықты сипаттайтын ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жаппай мазасыздық сезімі адамның еңбекке қабілеттілігін жоғалтуының әлемдегі алтыншы себебі болып отыр. Әлемде 300 миллионнан астам адам осы ауруға шалдыққан.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: