Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені неге 2 рет салу керегін айтты

COVID-19 екі фазалы вакцинациясының екінші кезеңін назарға алмау коронавирус жұқтыру қаупін төндіруі мүмкін. Екпені алмау ұжымдық иммунитетті де төмендетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы Иерусалимдегі Хадаса клиникасының бөлім меңгерушісі, иммунолог профессор Полина Степанская айтты.
"Қазіргі таңда барлық екпе екі бөлімнен тұрады. Егер сіз екінші екпені алмасаңыз, ұжымдық иммунитет те төмен болады. Бірақ бұл ол адам үшін қалыпты иммунитет болмауы мүмкін.
Менің ойымша, ең бастысы - екінші екпенің не үшін маңызды екенін және оны неге алу керегін адамдарға түсіндіру. Адам оны қаласа, ол бірінші екпеге келіседі, кейін ол екінші рет екпені алған кезде иммунитеттің әлдеқайда жақсы болатынын түсінеді. Сондықтан ол екінші екпені де салдыруға келеді", - дейді маман.
Сонымен қатар, маман алдағы уақытта коронавирусқа қарсы екпені екінші рет алудың керегі болмауы мүмкін екенін атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: