Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Италияда ежелгі қамалдар сатылып жатыр

Италияда тарихи жәдігерлердің қожайындары 70-ке жуық нысанды саудаға қойған. Олардың арасында тарихта із қалдырған әйгілі Данте шығармаларында аталатын иеліктер де бар. Бұл жөнінде 24.kz телеарнасы мәлім етті.

 

Италиялықтар ата-бабаларынан қалған мұрасын неліктен сатуға мәжбүр? Тосканадағы ежелгі қамал Флоренциядағы ең құдіретті әулет әйгілі Медичилердің иелігінде болған. 800 жылдық тарихы, жүзімдіктер мен зәйтүн шоқтары бар бұл қожалық – баға жетпес мұра. Алайда мұрагерлер осы қамалды сатуға мәжбүр. Италияда жылжымайтын мүлікті иелену қымбатқа түсетін болды. Дағдарыстың салдарынан 2011 жылы үкімет мүлік салығын арттырып, ататектік қамал иелері 20, тіпті 30 есе көп төлейтін болды. Димитри Корти, риелторлық компанияның бас директоры: - Қызмет етушілер саны көп және иелікте ұстауы қымбатқа түсетін жылжымайтын мүлік болады. Сол себептен оны сатып, қажетіне лайық өзге мүлік сатып алған тиімді. Әрине, оның ауданы мыңдаған шаршы метр болмайды. Иелігін сатуға ұсынғандардың бірі – Стефано Маджини. Қараусыз әбден тозған XI ғасырда салынған монастырьды оған сыйға тартыпты. Осында көшпек болған кәсіпкер ескі ғимаратты алты жыл бойы жөндеп, қалпына келтірді. Алайда жағдай өзгеріп, дағдарыстың кесірінен мүлкін сатуға ұсынды. Екі жылдың ішінде қожалығын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен ондаған адам келген. Олардың арасында отандастарымыз да бар. Стефано Маджини, кәсіпкер: - Жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бірден қожалықты саудаға қойдық. Бүкіл әлемнен түрлі адам келді. Алғашында ең көп Ресейден келетін, сосын америкалықтар, араб елдерінен және Умбрия мен Тоскананың архитектурасын ұнататын Солтүстік Еуропа елдері - Норвегия, Голландия, Ұлыбританиядан келетін болды. Қытай жағынан да қызығушылық бар. Риелторлардың мәліметінше, тарихи құндылығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушылардың жартысы – Ресей мен кезінде Кеңес одағына кірген елдердің тұрғындары. Олар әдемі жерде орналасқан қамал үшін 6 миллионнан 40 миллион еуроға дейін төлеуге дайын. Ата-бабалар мұрасын жоғары бағалайтын италиялықтарға да өз мүліктерін сату оңай емес. Қожалықтарын сақтап қалу үшін ескі қамалдарды қымбат қонақ үйлерге айналдырады. Бірақ соңғы кезде келушілер саны азайғандықтан, сатудан басқа амалы қалмай отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: