Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады 24.kz.
«Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады. Термометр бағандары 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі. 
Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Ол жауын-шашын, кей жерлерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерлерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ күтіледі», - делінген хабарламда.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: