Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Футболшы төрешіге соққы жасап, ажал құштырды

Футболшы төрешіге соққы жасап, ажал құштырдыАмерикандық футболшы Бассель Саад ойын үстінде төрешіні өлтіргені үшін 15 жыл бойы жазасын темірдің тордың арғы жағында өтейтін болды, деп хабарлайды "Р-Спорт". 
Бұл оқиға өткен жылдың маусым айында американдық Мичиган штатының Ливоноия қаласында орын алды. Сол күні 
мичигандық бірлескен футбол лигасының кезекті ойыны өтіп жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Саад 44 жастағы төреші Джон Беневичке соққы жасайды. Өйткені, төреші оны алаңнан қууға әрекет жасап жатқан еді. Екі күннен кейін төреші ауруханада тілге келместен жантәсілім етті. Сарапшылардың айтуынша, төреші жерге құлағанша қатты соққы салдарынан есін жоғалтып үлгерген.  
Алғашқыда құқық қорғау саласының өкілдері Саадты өмір бойына түрмеге қасауды сұраған еді. Дегенмен, оның өзінің кінәсін мойындағанын, оған өкінетінін ескере отырып, жаңағыдай шешім шығарды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: