Мәскеудегі турнир жаппай төбелеске ұласты: іске арнайы жасақ араласты – видео
Мәскеуде өтіп жатқан AMC Fight Nights Global Winter Cup турнирі кезінде орта салмақтағы AMC Fight Nights Global чемпионы Владимир Минеев пен орта салмақтағы АСА спортшысы Магомед Исмаилов төбелесіп қалды, деп хабарлайды ТАСС. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан мәлім етті.
Октагон төрінде өзара сөзге келіп қалған спортшылар арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Ал оларды ажыратуға арнайы жасақтың араласуына тура келді.
Екі спортшы да жарақат алып, мұрындарынан қан кеткен. Бұл туралы Исмаиловтың ағасы Рамазан Исмаилов хабарлады.
"Жекпе-жек ұйымдастыру қажет пе? Егер осындай мүмкіндік болса, Магомедтің мұрны сынып, қан кетпес еді. Минеев те жарақат алмаған болар еді", – деп мәлімдеді ол.
Исмаилов пен Минеев бұған дейін Fight Nights Global 90 турнирінде 2018 жылдың қазан айында кездескен. Сол кездегі жекпе-жек тең аяқталған.
Айта кетейік, 34 жастағы Исмаиловтың есебінде 17 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең ойын бар. Ал 30 жастағы Минеев 14 жеңіс пен бір жеңіліс және бір тең түскен нәтижеге ие.
😱🔥 Минеев и Исмаилов устроили массовую драку на Fight Nights. В клетку зашла даже полиция 👮♂️
👊 После одного из поединков турнира Минеев забрал микрофон и вызвал Исмаилова, обвинив Магу в трусости. Все закончилось массовой потасовкой прямо на месте 🧨 pic.twitter.com/hKvWZceqVm