Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге белгісіз біреулер тұтқылдан тап берген, деп хабарлайды zakon.kz.
Spuntik Грузияның хабарлауынша, саясаткер Афинаға грузин эмигранттарымен кездесу үшін барған.
Кездесу өтуі тиіс ғимаратқа кіре берісте арандатушылар Саакашвилиді күтіп алған. Видеода белгісіз адамның саясаткерге қалай жақындап келіп, басынан бірнеше рет ұрғаны көрінеді.
Саакашвилидің өзін шекарадан өткізбейтіндігі туралы ескертілгенін, бірақ ол бәрібір Афинаға келіп алғанын айтты.
Саакашвили оқыс жағдайға қарамастан жоспарланған кездесуді өткізіп, эмигранттарға өзінің жақтастары мен сайлаушыларына ұсынатын жоспарлары туралы айтты.