Дәрігер қыста тұмаумен жиі ауырмау үшін не істеу керегін айтты
Қыста тұмау мен респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталатыны белгілі. Дәрігер аурудың алдын алу жолдарын айтты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Иммунолог дәрігер тұмаудың алдын алу үшін маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектер жиі жеуге кеңес береді. Маманның айтуынша, маусымдық көкөністер мен жемістер ерте жиналған өнімдерден әлдеқайда пайдалы. Кеш жиналған өнімнің құрамында иммунитетті нығайтатын қоректік заттар көп. Сондай-ақ қыста бета-каротинге бай асқабақ, цитрустық жемістер мен ашыған қырыққабат тұмаудың алдын алады. "Бета-глюкандармен қаныққан саңырауқұлақ иммунитетті көтереді. Сол себепті саңырауқұлақты күнделікті ас мәзіріне қосуды ұмытпаңыз", - дейді иммунолог Дженна Мачиоки. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Алдын алу шаралары біріншіден организмнің өзіндік қорғанысын күшейтуге бағытталуы керек: Денені шыңықтыру (мысалы, контрастты душ, бассейн т.б.); Дұрыс тамақтану - яғни дәрумендерге бай жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну. Сонымен қатар олардың құрамындағы тағамдық талшықтар ішек микрофлорасын жақсартады. Бұл организмнің әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін нығайтады; Дене белсенділігі (күніне кем дегенде 30 минут жаттығу, жаяу жүру) Дұрыс ұйқы (7-8 сағаттан кем емес, сағат 23:00-ге дейін жату, бөлме температурасы 17- 18°С); Иммундық жүйеңіз әлсіреген болса (жиі ауыратын болсаңыз), онда дәрігердің кеңесімен иммунокоррекциялық препараттар және мультидәрумендер қабылдауға болады.