Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

ҮНДІСТАНДА ЕКІ БАСТЫ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ (ФОТО)

ҮНДІСТАНДА ЕКІ БАСТЫ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ (ФОТО)

 

Үндістанда екі басты сәби дүниеге келді. Сәби өмірге келе сала анасы баласын алып жедел түрде ауруханадан шығып кеткен. Мұның салдары баланың өліміне әкеп соқтырған деп хабарлайды The Daily Star-ға сілтеме жасап NUR.KZ.
Белгілі болғандай сәбиді 3 қыркүйек күні 20 жастағы әйел Jawaharlal Nehru Medical College ауруханасында дүниеге әкелген. Оның салмағы 5 фунт (2,5 келіге жуық) болған.
Басылымның жазуынша, нәресте дені сау болып өмірге келгенімен тыныс алуында аздаған қиындықтар болған.
Егіздердің ішкі органдары екі-екіден болғанымен, олардың аяқ-қолдарына бір денеге ортақ болып біткен. Мұндай жағдайда оларды бір денеден ажыратып алу мүмкін емес. Сондықтан дәрігерлер сәбиге ота жасамауды шешкен.
Дәрігерлер мұндай ерекше баланы жансақтау бөліміне жатқызығанымен ата-анасы оларды тыңдамай үйіне алып кетіп, ақыры өлтіріп алған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: