Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Ғалымдар грек жаңғағының пайдасы туралы айтты

Грек жаңғағын үнемі тұтынған кезде ағза жасарады, шаш пен тырнақ өсе бастайды, терідегі ұсақ әжімдер кетеді, тістердің ыдырауы және түсуі тоқтайды, деп жазады Stan.kz жазды.
Ғалымдар тобы осындай тұжырымдамаға келді. 
Дәрігерлердің айтуынша, грек жаңғағы ағзаны керемет қанықтырады, қан құрамын жақсартады және жасартады. Олардың құрамында антиоксидантты әсер ететін және токсиндердің кетуіне ықпал ететін дәрумендер бар. Сонымен қатар, ол қан тамырларының қабырғаларын нығайтады және қан қысымын қалыпқа келтіреді.
Бұл жаңғақтар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және атеросклеротикалық дақтардың пайда болуына жол бермейді.
Одан бөлек грек жаңғағы есте сақтау қабілеті мен мидың жұмысына жақсы әсер етеді, ал олар тудыратын седативті әсер стрессті болдырмауға көмектеседі.
Сондай-ақ, осы өнімді үнемі қолданғанда гастрит, дуоденит және асқазан жараларынан аулақ боласыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: