Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

ҰЛЫБРИТАНИЯ АЗАМАТЫ БАСЫН ҚАТЕРГЕ ТІГІП 73 МЕТР БИІКТІКТЕН СЕКІРДІ

ҰЛЫБРИТАНИЯ АЗАМАТЫ БАСЫН ҚАТЕРГЕ ТІГІП 73 МЕТР БИІКТІКТЕН СЕКІРДІ

 

Ұлыбритания азаматы Саймон Берри Гиннесс рекордын жаңарту үшін басын қатерге тігіп 73 метр биіктіктен секірді, деп хабарлайды 31.kz
Аяғын рәзіңкемен байлап қойып "тарзан" деген әткеншектен құлдилап төмен түскен экстремал қас-қағым сәтте қолындағы печеньесін жерде тұрған шайға малып үлгерді.
Жүрек жұтқан Саймонның ерлігін  жүздеген адам демін ішіне тартып бақылап тұрды. Камера экстремалды бірнеше жерден видеоға түсіріп үлгерді. Құс ұшатын биіктіктен секірген 28 жасар Саймон бұл әрекетін Дүниежүзілік Гиннес рекордтарының күніне орай ұйымдастырған екен. Бұл күндері әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам рекордты жаңарту үшін жан салмай өз өнерлерін көрсетіп жатыр.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: