Психолог және PhD докторы Дебора Серани күлкіні физикалық және психикалық мәселелердің ең жақсы емі екенін атады. Оның айтуынша, әзіл денсаулықты жақсартуға және депрессияны жеңілдетуге көмектеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Психологтың айтуынша күлкі тек көңіл-күйге ғана емес, жалпы психиканың күйіне де жақсы әсер етеді. Фрейдтің психоаналитикалық еңбектерінің ережелеріне сүйене отырып ол күлкінің адамды психикалық жарақаттан қалай сақтайтынын түсіндірді.
“Фрейдтің пікірінше әзіл-қалжың қиыншылықтар мен оның алдында төзімділікті сақтауға мүмкіндік беретін бейімделгіш қорғаныс механизмдерінің ең жоғары деңгейлерінің бірі. Басқа да көптеген психологиялық теоретиктер мұнымен келіседі және әзіл өмірдегі қиындықтармен, жарақаттармен және күнделікті мәселелермен күресудің ең тиімді әдісі деп санайды", – деді Серани.
Серанидің пікірінше күлкі алаңдаушылық пен қорқыныш сезімін азайтады. Әзіл-оспақ жарақаттық жағдайға ең лайықты жауап болып табылады. Психологтың түсіндіруінше тағдыр тауқыметіне әзілмен қарай отырып, өмірдің ең қиын сәттеріне де табанды болып, қуанышпен төтеп беруге болады. Сонымен қатар күлкі қуаныш гормондарының деңгейін жоғарылатып, стрессті азайтады және иммундық жүйенің тұрақтылығын айтарлықтай арттырады.
Психикалық салауаттылықты сақтау үшін психолог көбірек көңіл көтеруге арналған фильмдерді көруді және жағымды оқиғалары бар кітаптарды оқуды ұсынады. Және ең жақсы дәрінің күлкі екенін еске салады.