Мәскеуде полиция қызметкері табелдік қаруынан 13 жасар қызды атып жіберген.
Жәбірленушінің айтуынша, ол оған тиісіп, ығына жығылмағаны үшін ашуға келіп, атып жіберген. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде aikyn.kz жазды.
РИА Новости-дің жариялауынша, 6 желтоқсанға қараған түні «02» қызметіне түскен хабарлама бойынша, Судостроительная көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің маңында атыс шыққан дыбыс естілген.
«Тексеру барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адамның травматикалық қарудан оқ атқаны анықталды. Нәтижесінде жасөспірім жарақат алыпты» - деді ІІМ-нің Мәскеу бойынша Бас басқармасының ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Владимир Васенин.
Оқиға алдыңғы түні болған. Көршілер айқай мен шапалақты естіп, жүгіріп келген. Сөйтіп, олар полицейдің қызды кіреберіске қарай сүйреп кіргізбек болғанын байқап қалды. Содан көршілері баланы құтқарып, жедел жәрдем шақыртқан.