Сүрінсе де еңсесін түсірмей мәреге бірінші жеткен қыз жұртты тәнті етті
Қытайдағы жарыстардың бірінде сегіз жасар қыз табандылығымен жеңіске жетіп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Қытай астанасы Бейжіңде конькимен жүгіру жарысына қатысқан сегіз жасар Ма Цзыхуэй дәл жарыс басталған сәтте абайсызда сүрініп қалады. Десе де еңсесін түсірмей, жарысты жалғастырған жасөспірім қыз табандылықпен жеңіске жетуге болатынын дәлелдеп бере алды.
Бастапқыда сүрініп қалып, бәрінің соңында қалған ол бар күш-жігерін салып, қарсыластарын қуып жетеді.
Ал соңында, тіпті оларды басып озып, мәреге бірінші болып жетеді.
Бұл жайттың видеосын "People's Daily, China" атты YouTube парақшасы жария еткен. Видеоны тамашалаған желі қолданушылары Ма Цзыхуэйдің табандылығына тәнті болып, мақтауларын жаудырды.
"Мақсаттарыңа жету үшін барыңды салып, сеніміңді жоғалтпау деген осы", "Керемет", "Мақтауға тұрарлық", - деп жазған пікір қалдырушылар.