Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Зерттеушілер: Қайызғақ қатерлі аурудың жасырын белгісі болуы мүмкін 

Ғалымдар қайызғақ Паркинсон ауруының белгісі болуы мүмкін деген тұжырым жасады. Бұл туралы Express басылымы хабарлайды. Ол жөнінде kaz.nur.kz мәлім етті. 
Зерттеушілердің сөзінше, қайызғақ бір қарағанда бас терісінің тітіркенуі салдарынан болғанымен, тері ауруының қатерлі түрі болуы ықтимал. Мысалы, себорейлі дерматиттің жеңіл белгісі – қайызғақ, ал үлкен белгісі – бастың қышып, қызаруы. Кейде бас терісі суланғыш бөртпеге айналуы мүмкін, дейді олар. 
Себорейлі дерматит – майбезі жұмысының бұзылуына байланысты бас не дене терісінің майланып, қабынуы болып табылады. Дерматит көбіне, гормонның бей-берекет бөлінуі мен тепе-теңдігінің бұзылуынан туындайды. Тағы бір себебі – ұзақ уақыт тестостерон мен анаболиктерді, глюкокортикостероидті ішу, егу. 
Алайда ғалымдар қайызғақ пен дерматиттің арасында байланыс барын анықтағанымен, Паркинсон ауруы арасында байланысты әлі нақты таппағынын мәлім етті. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: