Қараусыз қалған крематорийден 61 адамның мәйіті табылды
Мексика полициясы Акапулько туристік қаласының маңындағы қараусыз қалған крематорийден 61 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Тәртіп сақшыларына күлімсі иісті сезген тұрғындар хабар берген. Ерлер, әйелдер мен балалардың бальзамдалған денелері өртеуге дайындалып, иістенбеу үшін әк жағылыпты. Жекеменшік крематорий осыдан 1 жыл бұрын несиесін төлей алмай, банкротқа ұшырап, жабылған екен. Қазір барлық мәйіттер сараптама жасау үшін криминалистика институтына жеткізілді. Дерек көздердің хабарлауынша, марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгісі байқалмаған. Мигель Анхель Годинес, Герреро штатының бас прокуроры: - Кейбір адамдар денелерді 2013 жылдан бері жіберген. Бірақ Денсаулық сақтау департаменті мен салық мекемесінің мәліметтері бойынша, крематорий салық төлеуді 3 жыл бұрын доғарған, жұмысын былтыр тоқтатқан.