Facebook VK WhatsApp Instagram

Әлем

0

Таңғы ас ішпеу денсаулыққа зиян ба – Ғалымдар зерттеу жасады

АҚШ ғалымдары жаңа зерттеуі бойынша күніне үш рет тамақтанудың бірін өткізіп жіберу денсаулыққа кері әсерін тигізетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ferra.ru порталына сілтеме жасап. 


Зерттеуге 40 жастан асқан 24 011 американдық ересек адам қатысты.
Нәтижесінде күніне бір рет тамақ ішу өлім қаупінің жоғарылауымен байланысты екені анықталды.
Таңғы асты өткізіп жіберу жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупінің жоғарылауымен байланысты. Ал түскі немесе кешкі асты өткізіп жіберу басқа созылмалы аурулардан болатын өлім қаупімен байланысты екені анықталды.
Бірақ үш рет ауқаттанғандарда да мәселелер байқалған. Оларда тамақтану уақыты тұрақсыз болған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: