Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Дәрігер қыс мезгілінде ішуге болмайтын сусындар туралы айтты

Медицина ғылымдарының докторы диетолог Михаил Гинзбург қыс мезгілінде қандай сусындар ішкен дұрыс, ал қандай сусындардан бас тартқан жөн екені туралы кеңесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыс мезгілінде адам ағзасы көп сұйықтық қажет етпейді. Алайда суық мезгілде де ең пайдалысы – су.
“Егер сұйықтықты тек мөлшермен қабылдауға тура келетін жүрек, бүйрек аурулары болмаса, дені сау адамға күнделікті өмірде суды барынша жиі ішкені пайдалы. Бастысы, судың организмге әр кез қажет екенін ұмытпағанымыз жөн”, –  деді диетолог.
 Сонымен қатар көк шай мен қантсыз жеміс сусындарымен де шөл басуға болады. Алайда сүт ағзадағы шөлге  көмектесетін сұйықтық қатарына жатпайды.
“Құрамында қанты бар тәтті сусындар мен тұзды сусындар адам организміндегі сұйықтықтың орнын толтыра алмайды. Олар калория арқылы тағам ретінде тасымалданады. Сүт пен газдалған сусындар да ағзадағы шөлді баса алмайды. Құрамында қоректік заттар бар кез келген сусынды біз тағам ретінде қарастырамыз. Сондықтан да адам үшін ең пайдалысы – табиғи су. Минералды суларға келетін болсақ, құрамында калий, магний, хлор болғандықтан, асханалық табиғи минералдар ғана денсаулыққа зиян келтірмейді. Ал арнай емдік минералды суларды дені сау адамға ішуге болмайды”, –  деп түсіндірді Михаил Гинзбург.
Дәрігер суық мезгілде салқындатылған сусындарды ішпеген дұрыс екендігін қоса кетті.
“Суық су, сүт, басқа да сусындар  – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының гипотермиясының қозғаушы факторы. Сол себепті вирустық инфекцияның, соның ішінде коронавирустың жұғу қаупі өршиді” – деп ескертті Гинзбург.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: