98 жастағы қарт майдангер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 98 жастағы Қабақ Смағұл коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Майдангер денсаулық зор байлық екенін алға тартты. Сондықтан қазір әлемді жалйған ақуіпті дерттің бетін қайтару үшін елді екпе қабылдауға шақырды. 1923 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келген Қабақ ақсақал 1942 жылы соғысқа аттанған. Тула қаласын азат етуге қатысқан. 1943 жылы ауыр жараланып елге оралған. Бейбіт өмірде білек сыбана еңбек етті. Майдангер ағарту үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңестің хатшысы лауазымын атқарды. Есепшілік саласында тура 40 жыл жұмыс жасады. Жұбайы Күлжан екеуі он бала өсіріп, ел қатарына қосты. Балаларының баршасы жоғары білім алды. Бұл күндері немере-шөбере, шөпшек сүйіп отыр. Елдің дамуы үшін қызмет жасаған Қабақ атамыздың "Қызыл Жұлдыз", 2 дәрежелі" Отан соғысы" ордені, маршал Г.К. Жуков атындағы медалдардың иегері.