Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Үлкен аузын көрсеткен келіншек мың доллар иеленді (видео)

ТикТокта танымалдылық жинап үлкерген үлкен ауызды американдық әйел ITV арнасындағы This Morning бағдарламасында аузын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеп.
АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Стэмфордтан келген 30 жастағы Саманта Рамсделл коронавирус пандемиясына байланысты көктемде карантин басталған кезде TikTok-қа бейнебаян түсіре бастады. Көп ұзамай көрермендердің көпшілігін ені 9,25 сантиметр болатын аузына қызығушылық танытқан.
"Мен видеомды жариялай бастаған кезде адамда "аузыңда не бар?" деп сұрай бастады. Мен күлкілі бейне жауаптар түсіре бастадым", - дейді келіншек.
Нәтижесінде бірнеше ай ішінде оған 875 мыңнан астам адам жазылды. Осындай танымалдылықтың арқасында ол әр видео үшін 14 мың долларға дейін алады.
This Morning жүргізушілері Саманта Рамсделдің басының макетін жасап, аузына алма, пончик, жартылай бүктелген сэндвич пен шырша салған. Олармен видео сілтеме арқылы сөйлескен американдық әйел алманың аузына оңай кіретінін көрсетті.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: