Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Маман кофеден қуаттандыратын әсер қалай алуға болатынын айтты

Ресей ғылым академиясының Жоғары жүйке қызметі және нейрофизиология институтының ғылыми қызметкері Татьяна Блохина Sputnik радиосына кофеден максималды қуаттандыратын әсер қалай алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Көп адамдар шаршағанда, күш-қуат жоғалған кезде денені сергіту үшін кофе ішуді әдетке айналдырған. Дегенмен, маманның айтуынша, бұл сусынды көп ішу оның күш-қуат беруін тоқтатады.
"Кофені көп мөлшерде ішсеңіз, оның тиімділігі азаяды. Өйткені ағза оған үйреніп, қабылдамай қалады. Яғни ағза алдымен бір кесеге қанағаттанса, кейін екі, үш кесені керек етіп тұрады", - дейді Блохин.
Дененің кофеге сезімталдығын қарапайым жолмен арттыруға болады. 
"Кофе ағзаға жақсы әсер ету үшін тұтынуды арттырмай, керісінше азайту керек. Алыс қашықтыққа жүгірушілер арасында мұндай әдіс бар. Олар екі-үш апта бойы кофе қабылдаудан бас тартады. Жарыс алдында ішеді және ынталандыру әсері айтарлықтай артады. Олар кофені заңды допинг ретінде пайдаланады", - деді ол.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: