0
30 жастағы келіншек бірден 5 сәбиді дүниеге әкелді
Тәжікстанда алғаш рет бесем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ozodi.org сайтына сілтеме жасап. Тәжікстанның Кубодиен ауданының 30 жастағы тұрғыны өмірге бірден 5 сәби әкелді.
Дәрігерлердің айтуынша балалар бақылауда және олардың жағдайы жақсы.
Осыған дейін 2 сәбиді дүниеге әкелген Дильгоза Мамадова тағы 2 ұл мен 3 қызды бірден босанып, 7 баланың анасы атанды.
Жүкті келіншек босанғанға дейін 2 ай дәрігерлер бақылауында және соңғы 20 күнде перзентханада болған.