Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Он бір күйеуі бар әйел сот алдында жауап бермек

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын Лиан Барриентос ешкіммен ажыраспастан 10 еркекпен некеге тұрғаны үшін қамауға алынды деп хабарлайды egemen.kz.

 

Күйеуі көп әйел жалған құжаттар жасап, осындай қадамға барғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылмақшы. Бүгінде жасы 39-ға келген Барриентос соңғы 11 жылдың ішінде 10 рет күйеуге тиіп үлгеріпті. Бірақ, алдыңғы күйеулерінің бірде-бірінен заңды түрде ажыраспаған. Осылайша ол қазір іс жүзінде 11 адамның әйелі болып табылады. Бронкс округінің прокуроры кеңсесінен хабарланғандай, оған алаяқтықтың екі бабы бойынша айып тағылып отырған көрінеді. Барриентос неке туралы екі лицензияны осы Бронксте алса, қалғандарына Вестчестер мен Лонг-Айлендте қол жеткізіпті. Ол бірінші рет 1999 жылы 23 жасында күйеуге тиіп, алғашқы күйеуімен 5 жылдай отасқан.
New York Daily News газетінің хабарлауынша, Бариентосқа бірінші рет күдік 2010 жылы ол кезекті күйеуіне шығып жатқан кезде туындапты. Сол кезде ол бұдан басқа күйеуі жоқ екенін, осы жолы бірінші рет тұрмыс құрғалы тұрғанын айтып ант-су ішкен. Алайда, тексеру оның арғы жағында тағы тоғыз некесі барын анықтаған. Соның ішінде ол алты некеге 1,5 жылдың ішінде тұрып үлгерген. Полиция «мәңгілік қалыңдықтың» шыққан күйеулері қатарында Египеттің, Түркияның, Бангладештің, Малидің, Пәкстанның және Чехияның азаматтары болғанын анықтаған. Олар Лианмен некеге тұру арқылы Америка азаматтығын алуға әрекеттенген. Бірақ, мұндай мүмкіндікті олардың бәрі бірдей пайдалана алмаған. Мәселен, пәкістандық күйеу жігіт 2006 жылы терроризмге қатысы бар деген күдікпен елден шығарылған. Құқық қорғау органдары Барриентостың әрбір бап бойынша 4 жылдан жаза алуға тиіс екенін айтады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: