Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Психологиялық тест: «Қайсысы ұры деп ойлайсыз?»

1- сурет. 
Сіздің түйсігіңіз өте жақсы дамыған. Шешім қабылдар сәтте осы түйсігіңізді қорықпай қолдана берсеңіз болады.  
- Адамдармен тез тіл табысып кете аласыз. 
- Кез келгеннің жақсы-жаман пиғылын сезіп тұрасыз. 
- Ең жақсысы - мәселені дау-дамайға дейін жеткізбей шеше аласыз. Мақтанарлық қасиеттер  
2 - сурет. 

Сіз кез келген шаруаға икемдісіз. Тактикалық ойлау қабілетіңіз керемет дамыған. Жұмыстың техникалық бөлігін шемішкеше шағасыз, бірақ адамдармен тіл табысуда сәл-пәл ақсап тұрсыз. Өйткені: 
- Аңқаулаусыз, осыны көбі пайдаланады. 
- Адамдардың бәрін өзіңіздей көресіз. 
- Өте сенгішсіз, сізді алдау өте оңай. Сондықтан сізге араласатын орта мен дос таңдауда аса сақ болу керек ☝️Өзіңізді алдауға, пайдалануға жол бермеңіз. Аса қатты таныс емес адамдары өзіңізге көп жақындата бермегеніңіз жөн. 
3 - сурет. 
Сіз - интелектуалсыз! Философияны сүйесіз, біліміңіз де баршылық. Кез келген істің майда-шүйдесіне дейін мән беріп, жауапкершілікпен атқарасыз. 
- Адамдарды тани білесіз. 
- Кіммен сөзіңіз жарасатынын бірден сезіп қоясыз. 
- Нақты-нақты сөйлейсіз. Сізге шағын кеңес: Ортада сәл қарапайымдау болыңыз. Біліміңізді кез келген жерде шаша берудің қажеті жоқ. Адамдар сізбен әңгімелескенде тез жалығып кетуі мүмкін. 
4 - сурет. 
Сіздің дедукциялық қабілеттеріңіз керемет дамыған .Нағыз тактиксіз және стратегсіз. Сізден ештеңе жасыру мүмкін емес. Мәселені түбіне дейін қопарып кетесіз. 
- Біреулердің іс-әрекетін болжай аласыз. 
- Тез тіл табысасыз. 
- Адамының мінезін оқитын да қабілетіңіз бар. 
Осындай жақсы-жақсы қасиеттеріңіздің барына қарамастан бір жерлерге барғанды ұнатпайсыз. Адам көп жерлерден қашасыз. Сізге тұрақты араласатын орта мен достар табу артық етпейді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: